Пикассоның картинасы он миллион долларға жуық сомаға сатылды

МӘСКЕУ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат - Лондонның Christie's аукционында Пабло Пикассоның сирек кездесетін шығармалары сатылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру агенттігіне сілтеме жасап. «Семсермен тұрған еркек» картинасы 9,5 миллион долларға сатылды. Испан суретшісінің тағы бір жұмысы - «Жалаңаш әйел мен флейташы» - 5,5 миллион долларға өтті.

Импрессионистер мен модернистердің жұмыстары арасындағы ең қымбат лот Клод Моненің «Монсо саябағында» картинасы болды. Сатып алушы оған 10 миллион доллардан астам қаржы жұмсады. Аукцион 44 лоттың 30-ы ғана сатылғанына қарамастан, оны ұйымдастырушыларға барлығы 60 миллион долларға тарта пайда түсірді.