Пикассоның «Отырған әйел» туындысы Christie's ауционында 13 млн. доллардан астам сомаға сатылды

АСТАНА. 21 маусым. ҚазАқпарат - Пабло Пикассоның «Отырған әйел» (Femme assise) туындысы британ астанасында өткен "Кристис" (Christie's) аукционында 8,5 млн. фунт стерлингке (13,4 млн. доллар) сатылды.

Күллі әлемге танымал испандық шебер суретшінің туындысы 1949 жылы салынған, ол "Импрессионизм и модернизм" сатылым сериясында ең қымбатқа өткен картина атанды.

Сондай-ақ аталмыш аукционда белгиялық сюрреалист Рене Магриттаның 1928 жылы салған «Алып күндер» атты туындысы бағаланған құнынан 9 есе артып, 7,2 млн. фунт стерлингке (11,3 млн. доллар) сатылды.

Аукционнан түскен бұл қомақты қаражат 92,5 млн. фунт стерлингті (145 млн. долларды) құрады. Сатылымға бас-аяғы 71 сурет қойылды.