ПІКІР: Білек сыбанып іске кірісу қажет - профессор Р. Бакиров, ДСҰ-ға кіру жайында
«ҚР Президентінің сөйлеген сөздерін үнемі әсерлене тыңдаймын, - деді Р. Бакиров. -Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы айтатын болсақ, Мемлекет басшысы экономиканың одан әрі дамуының локомотиві болатын бірнеше маңызды идеяларды айтты».
Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі ұзақ та күрделі іс болды, 19 жыл ішінде көптеген мәселелер бойынша (оның ішінде Қазақстанның ЕАЭО-ға қатысуы, ауыл шаруашылығын субсидиялау, «қазақстандық қамту» бойынша) келіссөздер жүзеге асырылды. Барлық мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілді.
«Президент Н. Назарбаев осы жылдары ДСҰ-ға кіру шетелдік тұтынушыларға, тауарлар мен қызметтерге қолжетімділік беріп қана қоймай, қатаң бәсекелестік жағдайында жұмыс істеуге мәжбүрлейтінін тауар өндірушілерге ескертіп келді. Елбасы баршамызға әлемдік деңгейге көтерілуіміз қажеттігін, білекті сыбанып, өз өніміміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға жұмыс жасауымыз қажеттігін айтты, - деді ол».