«Қазіргі уақытта Ұлттық банк алдында тұрған міндеттің қиындығы өлшеусіз деп ойлаймын. Өйткені, жалпы алғанда экономикалық саясатта мәселе әлдеқайда қиын. 90-шы жылдары мақсат пен міндет барынша айқын еді, бірақ оларды жүзеге асыруға қаржылық және маман жағынан күштің жетіспеуі болды. Қазір жалпы алғанда мемлекет алдында тұрған міндеттің жүгі ауыр, соның ішінде Ұлттық банктің бүгінгі жауапкершілігі өте қиын», - деді Ораз Жандосов kapital.kz. порталына берген онлайн сұхбатында.
Оның айтуынша, коммерциялық банктер Ұлттық банкке ресми емес каналдар арқылы әсер етеді, сондықтан, олардың ықпалы түсіп қалмау керек.
«Нарықта Ұлттық банктің тәуелсіз болғаны маңызды», - дей келе қаржыгер Ұлттық банк банктердің қаржылық «амандығы» үшін басты орган болуы қажет екенін айтты.