Пілдің көмегімен обырға қарсы дәрі дайындау мүмкіндігі бар

АСТАНА. ҚазАқпарат - Чикаго Университетінің ғылыми қызметкерлері пілдер онкологиялық аурудан айығуға көмектесе алатын вакцинаны дайындауға септесе алатынын айтты. Мамандардың айтуынша, бұл жануарларда қатерлі ісіктің дамуын тоқтата алатын генетикалық компоненттің 20 көшірмесі бар екен.

Мамандардың айтуынша, пілдердің ағзасынан табылған ерекше заттар түрлі қауіпті ісіктерге қарсы дәрілік препараттарды ауыстыра алады.

Ғалымдар бұл хайуанаттың ағзасында құпия зат бар деп есептейді. Пілдің де адам сияқты өмір ұзақтығы шамамен 70 жылды құрағанымен, оның ісік ауруына шалдықпайтыны ғалымдарды қызықтырып отыр.

Чикаго Университетінің зерттеушілері бұл жаңалық медицина саласын біраз алға жылжытады деп отыр. Бірнеше онжылдық өткен соң адамзат қатерлі аурудан құтылуы мүмкін, дейді ғалымдар.