Пинелопа Кафатриди көптеген майдангерлердің өміріне арашашы болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Соғыстың алғашқы күндерінен-ақ, қазақстандық әйелдер әскерге кеткен ерлердің орнын басты. Тракторға отырып, поезды басқарды. Егістік пен заводтарда азаннан кешке дейін еңбек етті, жауынгерлерге киім тікті.

Тылда олар нағыз жауынгер резерв болды. Ұлы Отан соғысының барлық майдандарында, ұрыстың нағыз қайнаған ортасында ақ халатт - санитарлық нұсқаушы, медбикелер, фельдшер, дәрігер қыздарды көруге болады, олар Қарулы күштердің медициналық қызметкерлерінің жартысына жуығын құрады. Олар мыңдаған кеңестік жауынгерлер мен командирлердің өмірлерін сақтап қалды, жаралыларды ұрыс алаңында таңып, медсанбаттар мен госпиталдарға жеткізді. Солардың бірі - Пинелопа Кафатриди 1927 жылы 17 қарашада Абхазияда шаруа отбасында дүниеге келген.

Ұлы Отан соғысы басталғанда ол 14 жаста болатын. Көптеген отбасыларды Қазақстанға әкелді. «Осы уақыттан бастап біздің өміріміз мейірімді, бауырмал адамдар тұратын осы керемет қаламен байланысты болды», - дейді Пинелопа Панатаевна. Соғыс жылдары Пинелопа Кафатриди әскери-санитарлық поезда санитарлық нұсқаушысы болып жұмыс жасады. Теміржол құрамы бәрінен бұрын эвакуацияға және жаралылар мен ауруларға медициналық көмек көрсетуге арналған. Вагондарда жаралыларды емдеуге және шығаруға арналған арнайы құрылғылар, сондай-ақ, операция жасайтын бөлмесі, асханасы болды. «Жаралыларды майдан даласынан алып шықтық, біз бәрін жасадық және емдедік, тамақтандырдық, тылға жеткізіп тұрдық», - деп еске алады Пинелопа Панатаевна. Соғыс жылдарында осындай Пинелопа Кафатриди секілді әйелдер қаншама жаралылардың өміріне арашашы болды. Одан кейінгі жылдарда да адамдарды құтқару мен көмектесу Пинелопа Панатаевнаның бүкіл өміріне ұласты. Өрт күзетінде диспетчер болып жұмыс жасап жүріп, тағдыр оны күйеуімен кезіктіріп, екі ұл сыйлады. Пинелопа Кафатриди өзінің туыстары мен жақын адамдарының қуанышы үшін өмір сүреді, осындай еңбекқор, сыпайы, жаны сұлу әйел күйеуі өлгеннен кейін де екі баланы өсіріп-жетілдіру қамымен өмір кешті. Қызылорда облысының ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ ұжымы Пинелопа Кафатридидің үйінде болып, хал-жайын біліп тұрады. Жақында Қызылорда облысының ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмысы» ММ басшылығы тылдың еңбекші әйелі Пинелопа Кафатридиді Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында құттықтауға келді.

Ұжым атынан олар тыл ардагеріне құттықтау хат және сыйлықтар тапсырды