Пингвиндер депрессияға қарсы дәрілерді қабылдай бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Британияның Скарборо қаласындағы хайуанаттар бағының қызметкерлері пингвиндерге депрессияға қарсы дәрі-дәрмек беруде. Хайуанаттар бағының әкімшілігінің айтуынша, Оңтүстік Америкадан әкелінген пингвиндерге ауа райы қолайсыз болып отыр. Сол себептен әкімшілік бұндай қадамға барған екен. Олардың тамаққа тәбеттері тартпай қойыпты және жұмыртқа баспай жүрген көрінеді.

Бақ қызметкерлерінің айтуына қарағанда, пингвиндер хайуанаттар бағына жеткізілгеннен кейін ауа райының ылғалдылығы мен желі жақпай, бір аптаның ішінде жабырқай бастап, бір айдан кейін тіпті жүнжіп кеткен көрінеді, деп жазады rosbalt.ru.