Питер автосалонынан 100 секундта төрт BMW ұрлап кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербургте автосалоннан 100 секунд ішінде төрт BMW ұрлап кеткен.

Бұл туралы  «Деловой Петербург» хабарлады.

 Ұрлық 1 қыркүйекте кешке жасалды.  Полицияға шағыммен BMW көлігінің  ресми дилері болып табылатын салонның басқарушы директоры жүгінді. Оның айтуынша, беттерін бірдей кепкамен жапқан төрт ер адам     BMW X6, X5  және  бесінші, жетінші сериялы BMW  көлігіне келіп, есігін өз кілттерімен ашып, рульге отырған да іздерін суытқан. Полиция «ұстау» жоспарын құрды, бірақ оларды ұстай алмады

Шығын 19 миллион рубль.

Фото: Николай Хижняк / РИА Новости