«ІРО-ға шығу мерзімінің кейінге шегерілуінің бірнеше себебі бар. Біріншісі КОВИД вирусына қатысты орын алды. Жалпы, ол бүкіл әлемдегі авиацияға әсерін тигізді. Ол түсінікті де. Екіншісі – Ресейдің Украинаға шабуыл жасауы. Бұл біздің өңірдегі геосаяси жағдайға әсер етеді. Яғни, компанияның ІРО-ға шығу мерзімінің кейінгі шегерілуінің негізгі екі себебі осы», - деді Питер Фостер zoom арқылы өткен баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Айта кетейік, Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында Air Astana әуе компаниясын IPO-ға шығару мәселесі талқылаған еді.