деп хабарлайды ИТАР-ТАСС агентігі.
Жүрек жұтқан жиһанкездер командасының баспасөз хатшысы Ким МакКей ханымның айтуынша, қауіп-қатерге толы бұл теңіз сапарының негізгі мақсаты жұртшылықтың назарын қоршаған ортаның ластану проблемаларына аудару болған.
«Пластик» деп аталған 20 метрлік катамаранның «ерекшелігіне» тоқталған МакКей ханым, қайықтың мачтасы - ескі ирригациялық құбырдан, ал каютасы, палубасы мен желкені өңделген пластиктен жасалғанын айтып өтті. 12,5 мың пластик шөлмектен құрастырылған қайықтың жүзгіштігін арттыру үшін шөлмектер көмірқышқыл газымен толтырылған.
«Пластик» катамараны енді бір ай бойы Сиднейдегі Ұлттық теңіз мұражайына қойылады.