Аталған басылымның жазуына қарағанда, қытайлықтар Оңтүстік Кореяға келіп, операция жасатқан. Сосын елдеріне қайтпақ болған кезде оларды Корея әуежайының қызметкерлері ұстаған. Өйткені олардың қазіргі келбеті төлқұжаттарындағы суреттерге мүлде сәйкеспейді. Әуежай қызметкерлері оларды тани алмай отыр. Қытайлық қыздардың беттері дәкемен оралған, оның үстіне беттері қатты ісіп кеткен.
Айта кеткен жөн, Оңтүстік Кореядан еліне жете алмай отырған қыздардың суреттері қытайлық әлеуметтік желіде қызу талқылануда.
Басылым қыздардың одан кейінгі жағдайлары туралы хабарлаған жоқ.