Пластикті алмастыра алатын өнім бар ма
«Полиэтилен пакеттер мен пластик бөтелкелердің зиянын білсек те, біз оларға сеніп алғанбыз. Көлік пен өндірісте те, тіпті, қоғамдық тамақтану орындарында да пластик көреміз ал олармен күресу осы материалдың өзін өзгертуді қажет ететіндей», дей келе автор ғалымдар, инженерлер мен дизайнерлердің пластиктің экологиялық таза альтернативасын іздеп жатқанын жазады.
«Мысалы, жүгері мен картоп крахмалынан алынған полимерден жасалған өнімдер пластмас санын азайтып қана қоймай, жерге сіңген кезде топырақты құнарландыра алады. Ал лавадан алынған «тас мақтадан» жасалған өнім кез келген ауа райында сақталып тұра алады. Соңғы кездері «тас мақта» экологиялық таза өнімді қолдайтын архитекторлар мен дизайнерлер жұмысында көп қолданылып жүр. Сондай-ақ сыра зауыттарындағы қалдықтардан жасалған кірпіш те пластикті алмастыра алады», деп жазады басылым.
Автордың айтуынша, пластмас өндірісіне қажетті мұнайды алу экологияға кері әсер етеді. «Ал пластикті утилизациялаудың зардабы тіпті жаман: токсинді химиялық элементтер азық түлікке, ауыз суға түседі», дейді автор.