Вена қаласында өткен УЕФА-ның жыл сайынғы кездесуінде М.Платини футболдағы басбұзарлық тыйылмай отырғанын айтып, олардың стадиондардарда әлі де тәртіпсіздік жасауы мүмкін екенін ескертті. Сонымен қатар, ол Еуропадағы футбол алаңдарында экстремизм, ұлтшылдық қаупі бар екенін, сол үшін еуропалық спорт полициясын құру қажеттігін көтерді.
01:07, 25 Наурыз 2015
Платини Еуропа футбол қауымдастығының президенті болып қайта сайланды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа футбол қауымдастығының (УЕФА) қазіргі басшысы Мишель Платини төртжылдық мерзімге қайта сайланды, деп хабарлады ВВС агенттігі.