"Мен ФИФА президенті орынтағына додадан шығамын», - деп мәлімдеді Платини. Оның айтуынша, бұдан әрі басқа үміткерлермен тең дәрежеде күресуінің мүмкіндігі жоқ.
«Платини Спорттық төрелік сотында (CAS) өз есімін ақтап алуға үміттенетінін атап көрсетті. Ол соңғы үш ай өзі үшін қиын кезең болды деп санамайды. «Мен бұған философиялық тұрғыдан қараймын: күтейік, не болатынын, сосын көрерміз. Әділетсіздік маған жат, мен онымен күресуге тырысамын», - деді спорт шенеунігі.
21 желтоқсанда ФИФА-ның этика жөніндегі төрелік комитеті Платиниді ұйым президенті Йозеф Блаттермен бірге футбол қызметінен сегіз жылға аластады.
Блаттер мен Платиниден сыбайлас жемқорлыққа айыптаулар алынып тасталды, дегенмен олар ФИФА этикасы кодексінің тармақтарындағы басқа да бұзушылықтарға кінәлі деп танылды. Олардың арасында ұсыныстар және сыйлықтар қабылдау, мүдделер жанжалы, жалпы мнез-құлық ережелері бар. Шенеуніктер енді Спорттық төрелік сотына апелляция берулеріне құқылы.
Қазан айының басында ФИФА-ның этика жөніндегі комитеті Блаттер мен Платиниді қызметтерінен босату және 90 күнге дейін кез келген футбол қызметінен аластау жөнінде шешім қабылдаған болатын. Осы шешімге дейін Платини 2016 жылдың 26 ақпанына жоспарланған ФИФА президенті сайлауына қатысуға өтінім берген.
Сайлау комиссиясы одан барлық санкциялар алынып тасталмайынша француздың кандидатурасын қарамайтындығын мәлімдеді, деп хабарлады Лента.ру.