Плесецкден ұшырылған Ресей зымыраны жерге құлады

None
АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ресейдің Архангельск облысының Плесецк ғарыш айлағынан сейсенбі күні ұшырылған континентаралық жаңа зымыранның прототипі сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды ВВС-дің Орыс қызметі зымыран саласының мамандарына сілтеме жасап.

«Зымыран ұшырылғаннан кейін ол ғарыш айлағының аумағына қайта құлады. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деген агенттіктің әңгімелесушісінің сөздері келтірілген.

Снаряд ұшырылған жерден 8 километр қашықтыққа құлады.