Плей-офф: «Астана Арландары» «Аргентина Кондорс» құрамасымен кездеседі

None
АСТАНА. 22 наурыз. ҚазАқпарат - 25 наурыз күні WSB-де өнер көрсететін «Астана Арландары» плей-офф кезеңіндегі алғашқы кездесуін өткізеді,

деп хабарлайды «Аламан».

Аргентина жерінде өтетін бәсекеде қазақстандық клуб жергілікті «Аргентина Кондорс» құрамасымен бақ таластырады. Осыған орай қос тарап алдағы кездесуде өнер көрсететін боксшылар тізімін жариялады. Астаналықтардан ең жеңіл салмақта Ерік Әбдірайымов шаршы алаңға шықса, басқа салмақтардан Самат Башенов, Сергей Деревянченко және Сеп Хрвое жұдырықтасатын болды. Ал, алаң иелерінен Альберто Милиан, Хуан Карраско, Оскар Рикардо Перез сияқты ең мықты спортшылар алдағы кездесу өнер көрсетпек.