ПМХЗ грантымен Ресейде ЖОО бітірген сегіз түлек зауытқа жұмысқа қабылдады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар мұнай химия зауыты жеке кадрларды даярлауға жіті көңіл бөледі. Бұл туралы зауыттың баспасөз қызметі хабарлады.

Айталық, зауытта бірнеше жыл бойы Павлодар химия-механикалық колледжімен бірге әзірленген дуалдық бағдарлама жұмыс істеп келеді. Зауыттың басқа да әріптестері ішінде С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, Инновациялық Еуразиялық университеті, сондай-ақ ең ірі ресейлік жоғары оқу орындарының бірі -  Уфаның мемлекеттік мұнай техникалық университеті (УММТУ) бар.    

УММТУ-мен ынтымақтастық туралы шарт шеңберінде Павлодар мұнай химия зауыты Павлодар облысы мектептерінің ең лайықты түлектерін оқыту үшін гранттар бөледі. Қатаң іріктеуден өткен абитуриенттердің «Табиғи энергия тасымалдаушыларының және көміртек материалдарының химиялық технологиясы» және «Химия өндірістерінің машиналары мен аппараттары» мамандықтары бойынша білім алуға мүмкіндіктері бар.

Аталмыш жоғары оқу орнының биылғы сегіз түлегі ПМХЗ-ға жұмысқа орналасып та қойды. УММТУ-дың бірінші курсын аяқтаған тағы да он студент міндетті оқу практикасын өту үшін зауытқа оралды. Екі аптаға студенттер қысқа мерзім ішінде олардың еңбек ету отбасы болатын ұжымның бір бөлігіне айналды. Жастар негізгі технологиялық кешендердің жұмысымен танысты, бірегей мультимедиялық оқулықтар бойынша оқудан өтті.   

- Бұл менің зауытқа алғаш келуім емес. Химия-механикалық колледжінің 3-ші курсында оқып жүріп, Павлодар мұная химия зауытына келдім. Екі жыл бойы дуалдық оқу нысаны бойынша практикадан өттім. Практика жайлы айтсақ, ол негізінен теориялық сипатқа ие болды. Біздің сабақтарымыз басты технологиялық кешен жабдықтарының жұмысы туралы 3D-роликтерді көрсете отырып, оқу орталығының компьютерлік сыныптағы оқуды қамтыды, дейді УММТУ студенті Төлеген Тоқсан.

Кәсіпорын Ресей Федерациясының жетекші жоғары оқу орындарымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыруға ниетті. Айталық, осы жылы ПМХЗ алғаш рет екі абитуриентті Мәскеу қаласындағы И. Губкин атындағы Ресей мұнай және газ мемлекеттік университетіне оқуға жібереді.