PMI жобасы: Қазақстанда аукциондық квота бөлу тетігі енгізілуі мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Экология және табиғи ресурстар министрлігінде Дүниежүзілік банк өкілдерінің қатысуымен Partnership for Market Implementation (PMI) жобасын іске асыру мәселелері бойынша кездесу өтті.

Фото: Экология және және табиғи ресурстар министрлігі

Ведомствоның баспасөз қызметі мәлім еткендей, кездесу барысында жобаның ағымдағы мәртебесі, жұмыстың басым бағыттары, сондай-ақ Қазақстандағы парниктік газдар шығарындыларына квоталар саудасы жүйесін жетілдіру бойынша алдағы қадамдар қаралды.

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

— PMI жобасы көміртекті баға белгілеу құралдарын дамытуға, шығарындылар саудасының ұлттық жүйесінің тиімділігін арттыруға және Қазақстан Республикасының климаттық саясатын қолдауға бағытталған, — делінген хабарламада.

Аукциондық квота бөлу тетігін енгізу, бенчмаркинг жүйесін жетілдіру, нарықтық тұрақтылық тетіктерін дамыту, сондай-ақ институционалдық әлеуетті нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды. 

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар жобаны тиімді іске асыру мақсатында одан әрі өзара іс-қимыл жасауға дайын екендерін растады. 

Бұған дейін Астанада экологиялық стандартқа сай емес жүк көліктерін елге заңсыз әкелген қылмыстық топ әшкереленгенін жаздық.