Пневмониядан 6 адам көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Пневмониядан тағы 6 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚазАқпарат www.coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

30.04.2021ж. коронавирус белгілері бар пневмонияның 129 жағдайы және 6 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 105 адам емделіп шықты.

1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 53071, 807 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 51755 жетті.