Пневмониядан бір тәулікте 38 адам емделіп шықты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы 31 желтоқсандағы коронавирус белгілері бар пневмонияның 24 жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оған қоса 38 адам емделіп шықты.

13 наурыздан 2020ж. барлығы: ауырғандар - 84229, 5216 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 77082 жетті.