Пневмониядан тағы 2 адам көз жұмды
09:31, 22 Қазан 2020
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 181 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Бұл туралы ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Оған қоса 45 адам емделіп шықты.
1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 36381, 390 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 28363 жетті.