«Поддубный» көрерменге жол тартты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Режиссер Глеб Орловтың атақты орыс палуаны туралы көптен күткен «Поддубный» көркем фильмі көрерменге жол тартты. 20 ғасырдағы алыптардың бірі атанған палуанның рөлін танымал әртіс Михаил Пореченков сомдады, деп жазады 24smi.org.

Киносыншылардың пікірінше, түсірілім тобы палуанның образын аша алды. Басты рөлде ойнаған М.Пореченков осы рөл үшін салмағын 140 келіге дейін жеткізіп, грек-рим күресінен сабақ алған. «Біздің мақсатымыз қайсар мінезді алып тұлғаны көрсету болды», - дейді режиссер Глеб Орлов. Айта кету керек, дүниежүзінің бірнеше дүркін чемпионы болған Иван Поддубный күш атасы Қажымұқанмен айнымас дос болған. «Поддубный» фильмі Ресей кионтеатрларында жүріп жатыр.