АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанадағы С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде адалдық пен әділдіктің туын жықпай өткен көрнекті ақын Фариза Оңғарсынова еске алу кеші өтті.
Мәдени шара барысында студенттердің ақын туралы жырлары мен көркем сөздері, поэзия жанашырларының, замандастарының және жас ақындардың естеліктері мен өлеңдері енгізілген «Поэзия падишасы- Фариза» атты жаңа кітаптың тұсаукесері өтті. Жастар қазақ халқының ардақты ақынының өлеңдерін оқып, әндерін шырқады.
Еске алу кешіне жыр саңлағының жақындары мен танымал ақындар мен жазушылар қатысты.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.