Пол Маккартни 10 жылдық үзілістен кейін Мадридте концерт қояды

АСТАНА. ҚазАқпарат - The Beatles тобының бұрынғы әншісі Пол Маккартни ағымдағы жылы 2 маусымда испаниялық астанада өнер көрсетеді.

Бұл туралы шараны ұйымдастыратын Live Nation компаниясы хабарлады.

Концерт Мадридтің орталығында 55 мыңға жуық адамды сыйдыратын "Висенте Кальдерон" футбол стадионында болады. Өз концертінде Маккартни The Beatles, сонымен қатар 1971 жылы өзі негізін қалаған Wings топтарының хиттерін орындайтыны аталып өтілді.

Мадридтегі концерттің билеттері 18 наурыздан сатыла бастайды.

73 жастағы Маккартни Америка және Еуропа елдері бойынша туры аясында Испания астанасында өнер көрсетеді.