Музыкант бүгін 75 жасқа толды. Мерейтой құрметіне Елизавета II ханшайым оны ерекше наградамен марапаттауды шешті. Бұл награда әлем бойынша 65 адамға ғана беріледі. Бұл туралы "Би-би-си" хабарлады.
Рыцарь ордені Ұлыбританияда өнер, әдебиет, музыка, ғылым, саясат, өнеркәсіп, дін саласында жетістіктерге қол жеткізген көрнекті тұлғаларға беріледі. Маккартни бұл жаңалықты ерекше әсермен қабылдады. Аты аңызға айналған музыканттан басқа бұл награданы физик Стивен Хокинг, актёр Иэн Маккелен, "Гарри Поттердің" авторы Джоан Роулинг алған.