Францияның жоғары марапатын музыкантқа республика президенті Франсуа Олланд 8 қыркүйек күні өткен салтанатты шарада табыс етті, деп жазады 1tv.kz сайты.
Естеріңізге салайық, Құрметті легион орденін 1802 жылы Наполеон Бонапарт жариялаған. Үш деңгейлі орден басқа салалар бойынша да ерен еңбегі үшін беріледі. Орденнің гроссмейстрі Францияның президенті болып табылады. Орден алушының оны лицензиялы зергерден 169 бен 700 еуро арасындағы бағаға сатып алатыны тағы бар. Құрметті легион орденінің иегерлері арасында Лайза Миннелли, Квинси Джонс, Майлз Дэвис, Мартин Скорсезе, Джоан Роулинг, Клинт Иствуд, Стивен Спилгберг, Эмир Кустурица, Владимир Спиваков, Иосиф Бродский, Мстислав Ростропович бар.