АСТАНА. 9 мамыр. ҚазАқпарат - Simon and Garfunkel дуэтінің мүшелері Пол Саймон мен виоленчеллиші Йо Йо Ма Швецияның 2012 жылға арналған Polar Music Prize музыкалық сыйлығын алады,
деп хабарлайды лента.ру сайты.
«Поляр сыйлығын» музыканттарға табыс етуге арналған салтанатты іс-шара 28 тамыз күні Стокгольмдағы концерт залында өтеді. Лауреаттар сыйлықты Швеция королі Карл XVI Густавтың қолынан алады. 2012 жылға арналған сыйлықтың иегерлеріне 1 млн. швед кронынан (шамамен 112 мың еуроға жуық) табыс етіледі.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.