Бұл туралы бүгін елордадағы Қазақстан-Польша экономикалық семинарында Польша Премьер-Министрінің орынбасары, экономика министрі Вальдемар Павляк мәлім етті.
«Қазақстанда EXPO-2017 көрмесін өткізу мәселесіне тоқталсақ, бұл тұрғыда менде жақсы хабар бар. Біздің үкіметте 2017 жылдағы EXPO көрмесін өткізу бойынша Қазақстанды қолдауға негізделген біржақты ұстаным қалыптасып отыр»,-деді ол.
Осы орайда В. Павляк осы іспеттес шаралар Қазақстанның Еуропамен ынтымақтастық тұрғысында орталығы болуына негіз болатынын атап өтті.