Польша биылғы қазанда Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарын күтеді

АСТАНА. 6 мамыр. ҚазАқпарат - Польша Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сапарын биылғы қазанда күтіп отыр.

Бұл туралы бүгін Астанада футболдан Еуропа чемпионатына арналған баспасөз мәслихатында Польшаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Яцек Ключковски мәлім етті.

Биыл Қазақстан мен Польша арасындағы қарым- қатыныстарға байланысты маңызды оқиғалар болатынына тоқталған Елші: «Екі аптадан кейін Польшаға Қазақстанның Сыртқы істер министрі барады. Біз қазанда Қазақстан Президентінің Польшаға сапарын күтіп отырмыз», -деді.