Польша мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланысты нығайтуға атсалысып жүрген кәсіпкерлер ерекшелеу марапатын иеленді
Бұл шара Польша-Қазақстан бизнесі кешінде жүзеге асты.
Польшаның Қазақстан мен Қырғызстандағы Бас консулы, Титулдық Елші Веслав Осуховскийдің айтуынша, марапат Польша мен Қазақстан арасындағы тауар айналымын ұлғайтуға септігін тигізген, Қазақстан нарығында көптеген жылдардан бері қызмет етіп келе жатқан, сондай-ақ екі елдің арасында экономикалық, сауда және халықаралық өзара қатынасты дамытуға және нығайтуға атсалысып жүрген кәсіпкерлерлерді ерекшелеуге арналды. Оған ие болғандар арасында ҚР Парламенті Мәжілісінің бесінші шақырылым депутаты, Польша Республикасының Ақтөбе қаласындағы Құрметті Елшісі лауазымынан үміткер Марал Серғазыұлы Итенұлов те бар. Сондай-ақ кәсіпкерлерден бұл марапатқа "TubesInternational"ЖШС-нің директоры Михаил Калинский, ГЛИНИК қызмет көрсету орталығының директоры Александр, "Мгнетик" ЖШС-нің құрылтайшысы Дмитрий Гречаниченко, Гришко "SEMPERTRANSBEL CHATOWSp zo.o." компаниясының Қазақстандағы және Орталық Азиядағы өкілі Александр Прибульский иеленді ие болды.