Польша Парламентінің спикері қызметтік ұшақпен туыстарын тасымалдағаны үшін қызметінен кетті

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Марек Кухциньский Польшаның бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері оның үкімет ұшағымен өзінің туыстарын тасымалдағанын жазғаннан соң қызметінен кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат polskieradio.pl. сайтына сілтеме жасап.

Жұма, 9 тамызкүні кешкісін Марек Кухциньскийдің отставкасынан соң Сейм спикері лауазымынаПольша әкімшілігінің бұрынғы ішкі істер министрі Эльжбета Витек тағайындалды.Оған 245 депутат дауыс берді.

Ал ПольшаныңПремьер-Министрі Матеуш Моравецкий мемлекеттің маңызды тұлғаларын тасымалдауды ұйымдастырутуралы жаңа заң әзірлеу жөнінде шешім қабылдады. Бұл туралы Министрлер кеңесітөрағасының Кеңсе басшысы Михаил Дворик мәлім етті. Ол ұшуларға қатысты заңда көпмәселелердің нақтыланбағандығын айтты.

«Мемлекеттікмаңызды тұлғалардың ұшақпен ұшу мәселесі түрлі құқықтықактілермен реттеліп келген. Ал олар бірнеше мәрте өзгеріске ұшыраған»,-дедіМихаил Дворик.

Сонымен қатар олзаң жобасының негізгі міндеттеріне тоқталды. Яғни, премьердің кеңсесі реестржүргізіп, шенеунік ұшқаннан кейінгі бірнеше күннен соң оның қандай мақсатпенқайда ұшқаны және бортта қанша адам болғаны жөнінде ақпараттар жарияланады.

«Бұлзаң саяси көзқарас қайшылығына қарамастан дайындалуы керек»,-деді Михайл Дворик.

«Біз соныменқатар осы іске барлық парламенттік клубтарды, яғни осы саяси партиялар атынанөкілдік ететін азаматтарды да тартамыз»,-деді ол.

Заң жобасындайындайтын саясаткерлердің бірінші кездесуі алдағы дүйсенбіде, 12 тамыз күніөтеді.