Польша Премьер-министрі Дональд Туск отставкаға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польша Премьер-министрі Дональд Туск отставкаға кететіндігі жайлы өтініш жазды. Бұл туралы ол республика ұлттық қауіпсіздік кеңесінен соң мәлімдеді.

«Мен өтініш бердім», - деді ол Қауіпсіздік кеңесі өткен ғимараттан шыққан бетте журналистерге.

Туск отставкаға кетуі жөніндегі өзінің өтінішін Польша президенті Бронислав Коморовскийге тапсырды. Бұрынырақ мемлекет басшысының баспасөз қызметі, премьердің отставкасын ол бейсенбіде түстен кейін қабылдайтындығын мәлім еткен еді. Бұдан соң президент екі аптаның ішінде парламентке жаңа үкімет басшысын ұсынуы тиіс.