«Берілген кеңестерге сәйкес, кеше президент Анджей Дуда коронавирусқа тест тапсырды. Оның қорытындысы оң болып шықты. Президент өзін жақсы сезінеді. Біз тиісті медициналық қызметтермен үнемі байланыстамыз», - деп жазды Twitter-де Польша президентінің баспасөз хатшысы Блажей Спыхальски.
Еске сала кетсек, кеше Польшада бір тәулік ішінде коронавирусқа шалдығудың жаңа антирекорды орнатылды. Елде 13 632 адамның қауіпті вирус жұқтырғаны анықталған. Бұл – эпидемия басталғалы елде тіркелген ең үлкен көрсеткіш.