Олар қайырымдылық шараға атсалысу үшін елдің түкпір-түкпірінен жиналыпты. Шеруге қатысу үшін байкерлер қалталарынан жарна төлеген. Қала тұрғындарының көңілін көтерген Санта-Клаустар 30 мың АҚШ долларын жинап берді. Ұйымдастырушылар бұл қаржы жетімдер мен түрлі ауруханаларда ем қабылдап жатқан 500 науқасқа сый-сияпат алуға жұмсалады, - дейді.
Қалғаны жетім балаларға ыстық ас алып беруге жұмсалмақ. Байкерлер өткізген қайырымдылық шарасы алғаш рет 2003 жылы болған.