Басылымның жазуына қарағанда, қазына іздейтіндерде қазба жұмыстарын бастауға көне ескерткіштерді қорғаумен айналысатын ұйымның ғана рұқсаты алынбаған. Құжатты алған кезде, «алтын пойыздың» қалған жер - Вроцлав - Валбжих темір жолының 65-ші шақырымында іздеу жұмыстары басталады.
Поляк БАҚ-тары «алтын пойыз» деп бағалы металдар, алтын, қару-жарақ, сондай-ақ мұрағаттар мен өнер туындыларын тасымалдаған ұзындығы 150 метрлік гитлерлік саутты пойызды атайды.
Бреслау қорғанынан (қазіргі Вроцлав) Валбжихқа шыққан құрам із-түссіз жоғалып кеткен. Тарихшылар мен іздеушілер пойыздың фашистердің Төменгі Силезия тауларында бомбалаудан қорғану үшін қазған туннельдерде жасырып қойған деп болжайды.