Польшада бүгін президенттік сайлаудың ІІ туры өтуде

None
АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат - Польшада жексенбі күні президенттік сайлаудың екінші туры өтуде. Үміткерлер - үкімет басшысының міндетін атқарушы Бронислав Коморовский мен Польшаның қаза болған президенті Лех Качиньскийдің бауыры - Ярослав Качиньский, деп хабарлайды РБК.

Маусымның 20-сында өткен президенттік сайлаудың алғашқы турындағы Б.Коморовский мен Я.Качиньскийдің арасындағы алшақтық 5 пайыздан сәл астам болды.

Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 10-ында таңертең Смоленск облысындағы Печерский маңында Северный әуежайына қонар алдында қалың тұманның салдарынан Польша Президенті Л.Качинскийдің Ту-154 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 96 адам, соның ішінде ресми делегация құрамы, соның ішінде Польша президенті Лех Качиньский зайыбымен болды. Олардың бәрі де қазаға ұшырады.