Маусымның 20-сында өткен президенттік сайлаудың алғашқы турындағы Б.Коморовский мен Я.Качиньскийдің арасындағы алшақтық 5 пайыздан сәл астам болды.
Естеріңізге сала кетейік, сәуірдің 10-ында таңертең Смоленск облысындағы Печерский маңында Северный әуежайына қонар алдында қалың тұманның салдарынан Польша Президенті Л.Качинскийдің Ту-154 ұшағы апатқа ұшырады. Бортта 96 адам, соның ішінде ресми делегация құрамы, соның ішінде Польша президенті Лех Качиньский зайыбымен болды. Олардың бәрі де қазаға ұшырады.