Польша Сенаты (парламенттің жоғарғы палатасы) 21 мамырда сол кездегі ел президенті Бронислав Коморовскийдің 6 қыркүйекте маңызды мәселелер бойынша бүкілхалықтық референдум өткізу туралы заңнамалық бастамасын қолдаған болатын.
Жалпыұлттық референдумға үш мәселе шығарылды: атап айтқанда, Польша сейміне (парламенттің төменгі палатасы) бір мандатты сайлау округтерін енгізу, бюджеттен саяси партияларды қаржыландыруды жою, сондай-ақ салық төлеуші пайдасына салық заңнамасына өзгерістер енгізу.
Польшаның Мемлекеттік сайлау комиссиясы хабарлағандай, дауыс беретін учаскелер жексенбі сағат 6.00-де (7.00 мск) ашылды және орта еуропалық уақыт бойынша сағат 22:00-ге (23.00 мск) дейін жұмыс істейді.