олардың 40-ының жағдайы өте ауыр, деп хабарлады Лента-ру сайты.
Дегенмен, РКР мемлекеттік темір жол компаниясы 8 адамның қаза тапқандығын ресми қуаттап отыр. Құтқарушылар вагон қирандыларының астынан зардап шеккен адамдарды шығаруда. Өте ауыр жарақат алған 40 адам ауруханаға жеткізіліп, жеңіл-желпі жарақат алған 93 жолаушы таяу маңдағы мектепке уақытша орналастырылды.
Екі пойыз Польша астанасынан шамамен 200 шақырым жерде соқтығысқан. Бірінші құрам Пшемысльден Варшаваға, ал екіншісі Варшавадан Краковке сапарлап бара жатқан. Варшавадан шыққан пойыздың бұл жолмен жүрмеуі керек еді. Басқа жолға қалай түскендігі әзірше белгісіз.
Польша ішкі істер министрінің мәліметтері бойынша бірінші пойызда шамамен 250, ал екіншісінде 120 адам болған.