Польшада екі сағатта ұйқы қандыратын құрылғы әзірленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшалық фирма екі-үш сағатта ұйқы қандыратын «ұйқы картасын» ойлап тапты. Бұл туралы utro.ru хабарлады.

Құрылғы бір қарағанда бетпердеге ұқсайды, оның тетігі ағзаның, атап айтсақ ми қызметін, көз алмасының қозғалысын, бұлшық еттің күш түсіруінің биологиялық белгісін өлшейді. Жиналған деректер смартфонға жіберіледі, содан арнайы бағдарлама пайдаланушының ұйқы картасын жасайды. Бағдарламаның көмегімен пайдаланушы ұйықтайтын уақытты және түнгі ұйқының ұзақтығын белгілейді.

Аталмыш құрылғыны өндіріске жіберуге ғаламтор пайдаланушылары көмектескен. Атап айтқанда, бір адам өз өнімін сипаттап, 100 мың доллар көмек сұрап әлеуметтік желілердің біріне орналастырады. Өнертабыс әлеуетті сатып алушыларды қызықтырғаны соншалық, оны ойлап тақан адамға жәрдем ретінде 430 мың долларға дейін қаржы жинап берген.

Дәрігерлер бұл картаны тұрақты пайдалануға болмайтынын ескертеді. Себебі, ересек адамдар тәулігіне 5-10 сағат тынығу қажет. «Бұл сәтте ағза терең ұйқыда демалғаны абзал, команда беріп, жасанды ұйықтау қалай болғанда да күмәнді», - дейді олар.