Wiadomosci.pl хабарлағандай, қатты жылдамдықпен келе жатқан жапондық хэтчбек көлігінің жүргізушісі 32 жастағы ер адам рөлді басқара алмай, жаяу жүргіншілер аймағына шығып кеткен. Артынша көлік ағаш өткелге соғылған.
Кейіннен полицейлер хабарлағандай, оқиға орын алған сәтте «Хонда» жүргізушісі есірткі қабылдап алған болып шықты. Қайғылы оқиға салдарынан 22 адам зардап шекті, олардың көпшілігі ауыр жарақаттар алды, аяқ-қолдары сынғандары да бар. Куәгерлердің айтуынша, апаттан кейін жүргізуші бой тасалағысы келген, алайда куәгерлер оны ұстап қалып, полицейлерге тапсырған. Оған енді 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілмек.