20 тамызда Фейсбук әлеуметтік желісінде "Шахтердің" польшалық фан-клубының парақшасы пайда болды. Қазір оған 300-ден астам адам жазылған. Польшалық жанкүйерлер арнайы мойыншалмалар шығарып, қазақстандық жанкүйерлермен байланыс орнатып, "Шахтердің" ойындарын бірге тамашаламақ.
"Парақшаның бір де бір редакторы Польшада "Шахтердің" жанкүйерлері соншалықты көп болар деп ойламаған шығар. Қолдауларыңызға мың да бір рахмет. Бір аптадан кейін біз чемпиондар лигасының топтық кезеңі үшін плей-офф ойнайтынымызды естен шығармаңыздар", - деп айтылған команда хабарламаларының бірінде.
Польшамен көршілес Германияда да "Шахтердің" жанкүйерлер клубы бар екенін айта кеткен жөн. Оған көбінесе Қарағандының бұрынғы тұрғындары кіреді. Неміс жанкүйерлері сайт ашып, мүмкіндігінше ойындарды бақылап отырады.