Польшада қоқыста жатқан ескі шаңсорғыштан 50 мың еуро табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшалық Колобжег қаласында қоқыс тасушы қызметкерлер ескі шаң сорғыш пен аудиоколонкадан 500 мың еуро тауып алды.

Ақша жолға  шашылған, деп хабарлады MetroCafe.pl. Олар жарты миллион еуроны полицияға табыс еткен.

Құқық қорғаушылар банкноттың кімге тиесілі екенін анықтады. Ақша иесі тәртіп сақшыларына бірден хабарласқан. Шаң сорғыш пен аудиоколонканың түр-түсін сипаттап берген, қай күні қоқысқа лақтырғанын атаған. Содан кейін полиция ер адамға ақшаны қайтарған.