Ондағы мәліметтерге қарағанда, сенбі күні Польшаның Денсаулық сақтау министрлігі бір тәулікте 14 800 Covid-19 вирусын жұқтыру жағдайы және 245 өлім тіркелгенін хабарлады. Сонымен қатар, елде коронавирустың салдарынан ауруханаға түскендердің саны соңғы жеті күнде 16% -ға артқан.
01:34, 08 Наурыз 2021
Польшада коронавирустың үшінші толқыны басталды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Польшада соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 23% -ға өсті. Ел билігі індеттің үшінші толқынының басталғаны туралы айтуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.