Кеше, 28 маусымда Польшада президент сайлауы өтті. Жергілікті уақыт бойынша түске дейін сайлаушылардың 24 пайызы дауыс беріп үлгерген. Орталық сайлау комитетінің мәліметінше, бұл - бұрнағы жылдармен салыстырғанда рекорд.
Сайлауға қатысып жатқан 11 кандидаттың бәрі учаскеге келіп, дауыс берді. Оның арасында елдің қазіргі президенті Анджей Дуда да бар. Оны билік партиясы - «Құқық пен әділдік» қолдап отыр.
Экзитполдағы сайлаушылардың сауалнама нәтижесіне көз салсақ, елдің қазіргі басшысы Анджей Дуда шамамен дауыстың 42% жинайды, ал оның қарсыласы - Варшаваның мэрі Рафал Тшасковский 30% дауыс жинап, екінші орынға тұрақтайды.
Жалпы, сайлаудың екінші туры 12 шілдеге жоспарланған.