Рим папасы көмекшісіне өмірден өзған соң өзінің жеке жазбалары бар қағаздарын өртеп, көзін жоюды тапсырған екен. Алайда кардинал С.Дзивиш марқұмның құнды қағаздарының көзін жоюға «батылы жетпейтінін» айтып, аманатты орындамаған.
«Бәрі Құдайдың қолында. 1962-2003 жылдар аралығындағы жеке жазбалар» деп аталатын кітап бүгін Польшада шығарылды. Онда Кароль Юзеф Войтылдың 1962 жылдың маусым 2008 жылдың мамыр айлары аралығындағы (кейін Иоанн Павел II атанған) діни көзқарастары жазылған. Бір сөзбен айтқанда, кітапта понтификтің Польшадағы епископ кезінен бастап әлемдік католиктік символға айналғанға дейінгі өмір жолы қамтылады.
Алайда, қасиетті әкейдің хатшысының бұл әрекеті халық арасында түрлі пікірталас тудырды. Көпшілік понтификтің жеке хатшысы болып 40 жылдан астам жұмыс істеген С.Дзивишті Рим папасының соңғы аманатына қиянат жасады деп отыр.