Польшада ұшақ апатқа ұшырап, 11 адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшада парашютистер отырған спорттық самолет апатқа ұшырады. Оқиға Ченстохова елді мекенінде орын алған, деп хабарлайды Би-би-си.

Салдарынан бортында болған 12 адамның 11-і қаза тапты. Аман қалған ер адам ауруханаға жеткізілді, әзірге есін біледі. Оқиға орнында қазір құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жұмыс жасауда. Польшалық БАҚ мәліметтері бойынша, ұшақ Ченстохова аэроклубына тиесілі.