Польша мемлекет басшысы сайлау науқанына өзі қатысуға мүдделі емес екенін жеткізді, деп хабарлайды Утро.ру агенттігі.
«Мен ең жақсы нәтижелерді тілеймін, партия қозғалысының нақты жемісіне қуанамын, алайда өзім тікелей сайлауға қатысуға мүдделі емеспін», - деді журналистерге Коморовский.
Әлеуметтік сауалнама нәтижесі бойынша, ел азаматтарының басым бөлігі қазір биліктегі "Азаматтық платформа» партиясына дауыс беруге ниетті, бұл партияны ел премьер-министрі Дональд Туск басқаруда. Екінші орында «Құқық пен әділет» атты оппозициялық партия тұр, партияны қаза тапқан елдің бұрынғы президенті Лех Качиньскийдің егізі басқарады.