Польшадағы президент сайлауында А.Дуда алда келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшадағы Президент сайлауының бірінші турында оппозициялық саяси партияның атынан түскен кандидат Анджей Дуда қарсыласы, қазіргі президентті басып озды, деп жазады шетелдік БАҚ.

Мемлекеттік сайлау комиссиясының хабарлауынша, Дуда 34,76 пайыз дауыс жинаған. Оның қарсыласы қазіргі Польша Президенті Бронислав Коморовский 33,77 пайыз дауыс жинап, екінші орында. Алайда, кандидаттардың бір де бірі 50 пайыз дауыс жинай алған жоқ. Енді 24 мамыр күні сайлаудың екінші туры өтеді