Польшадағы сайлауда оппозициялық партия жеңіске жетті

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Польшадағы парламенттік сайлауда 39,1 пайыз дауыс жинаған «Заң және әділдік» оппозициялық партиясы жеңіске жетті.

Польшаның Премьер-министрі Ева Копач саяси ұйым мен оның басшысы Ярослав Качиньскийді жеңісімен құттықтады.

Экзит-полға сәйкес, Польшада соңғы 8 жыл бойы билік тізгінін ұстаған «Азаматтық платформа партиясы» сайлауда 23,4 пайыз жинап, екінші орынға ие болды, деп хабарлады ТАСС.